БИЫЛ – ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКТІҢ ТУҒАНЫНА 95 ЖЫЛ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, қазақтың ұлттық мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтау мен жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосқан Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл толып отыр.
Өзбекәлі Жәнібек ұлттық құндылықтарды дәріптеп, тарихи жадымызды жаңғыртуға және мәдени мұраны ұрпаққа аманат етуге айрықша еңбек сіңірді. Ол ұлттың жоғын түгендеп, ұмыт қалған салт-дәстүр, өнер мен қолөнерді қайта жаңғыртуға бастамашы болды.
Қайраткердің есімі Наурыз мерекесінің қайта жаңғыруы, Тайқазанның Түркістанға оралуы, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, ұлттық өнер мен қолөнерді дамыту сынды ел тарихындағы маңызды бастамалармен тығыз байланысты.
Әсіресе, Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын сақтауға қосқан еңбегі айрықша. Оның қажырлы қызметінің нәтижесінде көптеген құнды жәдігерлер мен ұлттық мұралар ел игілігіне қайта оралды.
Өзбекәлі Жәнібектің өнегелі ғұмыры мен ұлт мәдениетіне сіңірген еңбегі – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани мұра.
Ұлт мұрасын ұлықтаған тұлғаның есімі ел жадында мәңгі сақталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1288394?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version