Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру және мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауылдық округ әкімі тарапынан тұрғындар арасында бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, сондай-ақ мал ұрлығының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу, малды қараусыз қалдырмау, жайылымдық жерлерде және қора-жайларда малдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, малды таңбалау және есепке қою, сондай-ақ малды тасымалдау кезінде тиісті құжаттардың болуының маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену, ұрлық жасау және өзге де құқық бұзушылықтардың қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатыны жөнінде түсіндірме берілді. Тұрғындарға жеке мүліктерін, аула-қораларын және шаруашылық нысандарын күзету шараларын күшейту, қажетті жағдайда бейнебақылау құралдарын орнату және мүлікті қараусыз қалдырмау ұсынылды. Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарының қырағылығын арттыру, күдікті жағдайлар немесе бөтен адамдардың заңсыз әрекеттері байқалған кезде тиісті құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлау қажеттігі атап өтілді. Ауыл әкімі тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, өзара жауапкершілік танытуға және мал мен мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың ұсыныстары мен сұрақтары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді. Алдағы уақытта да ауылдық округ аумағында мал ұрлығы мен мүліктік қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық және түсіндіру шараларын жүйелі түрде жүргізу жоспарлануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1288514?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version