Ақтөбе қаласындағы №82 «Келешек мектебінде» «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 150-ге жуық оқушының қатысуымен табиғатты қорғау, көгалдандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ауқымды тәжірибелік жоба ұйымдастырылды.
Бұл күні оқушылар барқытгүл тұқымдарын келесі маусымға сақтау үшін жинап, раушан гүлдерінің қураған бөліктерін алып, өсімдік түптерін қопсытты. Канна мен раушан гүлдеріне қажетті тыңайтқыштар себіліп, өсімдіктердің қысқы кезеңге дайындалуына жағдай жасалды.
Іс-шараның ерекшелігі – оқушылардың табиғатты қорғау жұмыстарын еңбекпен ғана шектемей, зерттеу арқылы ұштастыруы. Білім алушылар мектеп ауласындағы жасыл желектер мен гүлзарлардың жағдайына мониторинг жүргізіп, топырақтың ылғалдылығын зерттеді, мектеп аумағындағы биоалуантүрлілікті танып-білу мақсатында гербарий дайындады.
Сонымен қатар «Smart Soil Analysis» зерттеуі барысында топырақ үлгісінің рН ортасы анықталып, оның құрамындағы темір иондарын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Магнитті араластырғыш арқылы дайындалған ерітіндіге қажетті реагенттер қосылып, химиялық реакция нәтижесіндегі түс өзгерісі бақыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1288026?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау