2026 жылғы 8 қыркүйекте сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясы онлайн режимде өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Б.С. Жолдахмет және экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г. Е. Қожахметова қатысты.
Сессияда ағымдағы жылға арналған қалалық бюджет нақтыланды.
Қала бюджетін нақтылау облыстық бюджеттен 379,3 мың теңге сомасында ағымдағы трансферттердің қысқаруына байланысты. Бюджет шығыстарын сапалы орындау мақсатында 89 196,8 мың теңге көлемінде қаражатты қайта бөлу көзделген.
Абай облыстық мәслихатының 2026 жылғы 31 наурыздағы шешіміне сәйкес әлеуметтік салық бойынша қала бюджетіне түсетін түсімдерді бөлу нормативінің 1%-дан 47,3%-ға өзгеруіне байланысты меншікті кірістер 256,0 мың теңгеге ұлғайтылды.
Курчатов қалалық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1288076?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау