Қазақстан халқы тілдері күніне орай ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған эссе байқауы өтті. Аталған шараның басты мақсаты – ана тілінің мәртебесін көтеру, қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен тіл мәдениетін дамыту, сондай-ақ ұжымдағы отансүйгіштік рухты нығайту. Сайыс барысында қатысушылардың жазу шеберлігі, ой жүйелілігі мен мазмұн тереңдігі жан-жақты бағаланды. Іс-шара қорытындысы бойынша ерекше белсенділік танытқан мамандарға алғыс білдіріліп, арнайы алғыс хаттар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1287959?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау