Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы мен Сейтжанов Нұржан Серікжанұлы Отырар ауданына арнайы келіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Жиын барысында халық қалаулылары атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен алдағы жоспарларды таныстырды.
Жиынға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
Есептік кездесуде елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жақсарту және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға қатысты мәселелер кеңінен талқыланды.
Жиын барысында тұрғындар өздерін толғандырған әлеуметтік және инфрақұрылым мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Халық қалаулылары мен аудан басшысы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заң аясында қаралып, тиісті мекемелермен бірлесіп шешілуі бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді. Сонымен қатар өңірдің дамуына бағытталған жобаларды қаржыландыру, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы депутаттық корпустың басты назарында екені атап өтілді.
Кездесу соңында тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, мұндай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде ұйымдастырылатыны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1288035?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау