Полиция қару иелерін тексеру жұмыстарын күшейтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы аумағында 31 тамыз – 6 қыркүйек аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – заңсыз сақталған және заңсыз айналымдағы қару-жарақтарды анықтау, азаматтық және қызметтік қарулардың сақталуы мен пайдаланылуына бақылауды күшейту, сондай-ақ қаруға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Бұл жұмыстар қоғамдық тәртіпті нығайтып, қарудың заңсыз қолданылуынан туындайтын қауіптердің алдын алуға бағытталған. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты мекенжайлары бойынша 600-ге жуық тексеру жүргізді. Қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 18 қару иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаруды тасымалдау және тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін 11 қару иесіне қатысты әкімшілік хаттамалар ресімделді. Полиция департаменті азаматтарды қаруды сақтау, тасымалдау және пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Қару иелері белгіленген талаптарды орындау арқылы өз қауіпсіздігін ғана емес, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1288028?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version