Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері 9–11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Маңғыстау ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция капитаны Б. Өтелов, Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, полиция капитаны Е. Уразалиев және ювеналды полиция тобының инспекторы, полиция капитаны М. Құлыбеков қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдерге қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану, есірткі заттарының зияны, суицидтің алдын алу, сталкинг, буллинг және зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелері бойынша маңызды ақпараттар түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері оқушыларға заң талаптарын сақтау, қауіпсіздік ережелерін ұстану және күмәнді немесе қауіпті жағдайларға тап болған кезде дер кезінде ата-аналарына, мұғалімдерге немесе полиция қызметкерлеріне хабарласу қажеттігін түсіндірді.
Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен тиісті жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және балалардың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DdDcH6etXiV/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1288522?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау