ҚАЛА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЛА ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАДЫ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов көпбалалы аналармен кездесті.
Кездесу барысында қала әкімі аналардың қоғамдағы айрықша орнына тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі өлшеусіз еңбегін атап өтті. Сондай-ақ ел болашағын қалыптастыруда аналардың рөлі ерекше екенін жеткізді.
Жандос Қалмырзаұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыстады.
Шара соңында қала әкімі марапат иелерін құттықтап, отбасыларына амандық, шаңырақтарына бақ-береке тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1288624?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version