Қарқаралы ауданында Тегісшілдік – Көктас жолы жаңартылып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарқаралы ауданында автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл Тегісшілдік – Көктас бағыты бойынша ұзындығы 20 шақырым болатын жол учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды. Екі жылға жоспарланған жоба жол төсемін кешенді түрде жаңартуды көздейді.

Мердігер ұйым жолдың 7 шақырымында фрезерлеу жұмыстарын жүргізді. Қазірдің өзінде 2 шақырымнан астам учаскеге жаңа асфальт төселді. Жұмыстар белгіленген технология талаптары сақтала отырып, кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.

Жөндеу жұмыстарының барысы аудан басшылығының бақылауында. Жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуына ерекше назар аударылуда.

Жол инфрақұрылымын жаңарту көлік қатынасын жақсартуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Тегісшілдік – Көктас учаскесіндегі жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жалғасып жатыр.

Қарқаралы ауданы әкімдігінің мәліметінше

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1288364?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version