ҚАЗАҚ ТІЛІ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай Кентау қаласында «Қазақ тілі – тәуелсіз елдің тұғыры» атты мерекелік іс-шара өтті.
Тіл – ұлттың рухани өзегі, ел бірлігінің берік негізі. Мемлекеттік тілді құрметтеу, оның қолданыс аясын кеңейту және өзге этнос өкілдерінің тілдерін дамыту – ортақ міндет.
Мерекелік шара барысында тілдің қадір-қасиетін дәріптейтін мазмұнды көріністер қойылып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жасанды интеллект көмегімен әзірленген арнайы көрсетілімдер ұсынылды.
Сонымен қатар, қаладағы Тілдерді оқыту және дамыту орталығының атқарып жатқан жұмыстары таныстырылып, мемлекеттік тілді меңгеруге, тіл мәдениетін қалыптастыруға және көптілді ортаны дамытуға бағытталған жобалар жөнінде ақпарат берілді.
Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, тіл саясатын жүзеге асыруға және ана тіліміздің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары мен салаға еңбегі сіңген азаматтар Кентау қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Тіл – өткен мен бүгінді жалғап, келешекке жол бастайтын ұлы құндылық. Қазақ тілін құрметтеу – елдігімізді құрметтеу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1288631?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау