Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2-қызметі бастығының орынбасары, аға әділет кеңесшісі Амралин Қуаныш Кобентаевич, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2-қызметінің аға прокуроры, әділет кеңесшісі Абләзім Асхат және РМК «Еңбек» бас директорының орынбасары Айханов Сеулсеит Кадирсеитович Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты бірқатар мекемелерге жұмыс сапарымен барды.
Жұмыс сапары барысында қонақтар мекемелердің қызметімен танысып, режимдік және өндірістік аумақтарды аралады. Сотталған азаматтарды еңбекке тарту, өндірістік жұмыстарды ұйымдастыру, олардың кәсіби дағдыларын дамыту және қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.
Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында сотталған азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, олардың жеке мәселелері мен өтініштері тыңдалды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заңнама талаптарына сәйкес шешу жолдары қарастырылды.
Іс-шараға Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы, сондай-ақ облыс прокуратурасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі заңдылықты сақтау, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, еңбекпен қамту және өндірістік әлеуетті тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мекемелердегі қызметті жетілдіру, сотталғандарды еңбекке тарту және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған жұмыстарды одан әрі күшейту бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiszhambyl/press/news/details/1288351?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау