ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Рашид Дубаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапар барысында Рашид Құлтайұлы өңірдегі тау-кен өндіру кластерінің ірі кәсіпорны — көмірді ашық әдіспен өндіруге маманданған «Богатырь Көмір» ЖШС тыныс-тіршілігімен танысты. Ол компанияның өндірістік қуатын егжей-тегжейлі аралап, үздіксіз ағынды технология кешенінің жұмысын көріп шықты, сондай-ақ «Поверхностный» пит-стопына барып, карьер техникасын технологиялық жөндеу барысын зерделеді.

Қауіпті өндірістік нысандарды бақылау барысында Рашид Құлтайұлы серіктестік басшылығымен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тәуекелдерді азайтуға бағытталған алдын алу шараларын іске асыру мәселелерін талқылады. Сапар қорытындысы бойынша Комитет төрағасы кәсіпорын басшыларымен жұмыс кеңесін өткізіп, өндірістік бақылау тиімділігін арттыру мен қауіпсіз еңбек жағдайын нығайтудың басты міндеттерін айқындады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1288744?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version