Құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 8 қыркүйегінде Қызылорда ашық университетінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі АлиИслам Байхадамның қатысуымен «Жастар және адам құқықтары: құқықтық мәдениет пен жауапкершілік» тақырыбында студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Омбудсмен өкілі Б.Байхожаев студенттерге Қазақстан Республикасының Конституциясында және еліміз ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген адам мен азаматтың негізгі құқықтары туралы, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының маңызы мен “Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы” Конституциялық заңның негізгі ережелерін түсіндірді.

Сонымен қатар, жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына тоқталып, оның адам құқықтарын қорғау жүйесін күшейтуге, әділдік қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Одан бөлек, «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі А.Байхадам тарапынан жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң алдындағы жауапкершілік мәселелері қозғалып, «Заң мен тәртіп» қағидатының маңызына тоқталды. Аталған бағыт жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге бағытталғаны атап өтілді.

 Басқосу барысында студенттер өз сауалдарына жауап алып, құқықтық білімдерін арттыруға мүмкіндік алды.

Іс-шара соңында Қызылорда ашық университеті мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1288286?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version