26–28 тамыз күндері ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалында жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына арналған «Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының нотариаттық іс-әрекет жасау тәртібі» тақырыбында семинар өткізілді.Үш күндік оқу барысында мемлекеттік қызметшілер нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың жалпы тәртібін, сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру ерекшеліктерін, мұрагерлік істерді жүргізу, нотариаттық қызметтердің сапасын арттыру тетіктерін зерделеді.
Сонымен қатар қатысушылар әкімшілік рәсімдердің қағидаттары, ішкі әкімшілік рәсімдер, әкімшілік актіге сотқа дейінгі шағымдану тәртібі бойынша білімдерін жетілдіріп, практикалық кейстерді талдау арқылы алған білімдерін нақты жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастырды.
Семинардың маңызды бағыттарының бірі – халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және нотариаттық іс-әрекеттерді заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асыру мәселелерін практикалық тұрғыда қарастыру болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-bko/press/news/details/1288432?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау