«Шымкент – есірткісіз қала»: 500-ден астам есірткі жарнамасы жойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласында Полиция Департаментінің бастамасымен есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы мен жарнамасының алдын алуға бағытталған «Шымкент есірткісіз қала» іс-шарасы өтті.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, полиция қызметкерлері, жастар, еріктілер, қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды қоса алғанда, 3000-ға жуық адам қатысты.

Саптық жиыннан кейін қатысушылар қаланың бес ауданына бөлініп, полиция қызметкерлерімен бірлесіп белгіленген аумақтарды тексерді. Жұмыс барысында есірткіні насихаттайтын 500-ден астам заңсыз жазбалар анықталып, жойылды.
Іс-шара аясында Шымкент қаласының барлық аудандары қамтылып, тұрғын үйлердің қабырғалары, қоршаулар мен өзге де нысандар тексерілді.

Шымкент қаласы Полиция департаменті азаматтарды есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты фактілерге бейжай қарамай, олар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1288120?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version