Солтүстік Қазақстан облысында «Еңбек Жолы 2026» республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Ол еңбек әулеттері, тәжірибелі тәлімгерлер және жас өндіріс қызметкерлері арасында өткізіледі.
2026 жылы 18 қатысушы өтінім берді, оның ішінде: 7 еңбек әулеті, 6 тәлімгер және 5 жас маман.
Байқаудың негізгі мақсаты – еңбек адамының беделін арттыру, еңбек дәстүрлерін сақтау, тәлімгерлікті дамыту және жастарға кәсіби еңбектің құндылығын көрсету.
Үздік еңбек әулеті
Бірінші орынды Есіл ауданынан Чесноковтар әулеті иеленді, «Азия-Тарангул» ЖШС. Жалпы еңбек өтілі – 110 жыл.
Екінші орынды Тайынша ауданынан Кошарскийлер әулеті иеленді, «GCK Taynsha ASTYK» ЖШС. Жалпы еңбек өтілі – 64 жыл.
Үшінші орынды Шайдуллиндер әулеті иеленді, Тимирязев ауданының «Мичуринское» ЖШС. Еңбек өтілі – 57 жыл.
Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері
«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ 5-разрядты токарь Санат Сембайұлы Мақанов жеңімпаз атанды, Петропавл қ.
Екінші орынды Уәлиханов ауыл шаруашылығы колледжінің өндірістік оқыту шебері Роза Садыққызы Құсбекова иеленді.
Үшінші орын Ғ. Мүсірепов ауданы №2 Новоишим орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Анна Васильевна Горохводацкаяға тиесілі болды.
Өндірістің үздік жас қызметкері
Бірінші орынды Шал ақын ауданының СКРЭК электржелілік №1 Сергеевка шеберлік учаскесінің шебері Айдарбек Қырымұлы Қалидаровқа иеленді.
Екінші орынды «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ инженер-конструкторы Аслан Русланұлы Берсанукаев иеленді, Петропавл қ.
Үшінші орынды Ғ.Мүсірепов ауданы, Новоишим қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мерейхан Ерікұлы Мұқашев иеленді.
Облыстық кезеңде 1 орын алғандар Солтүстік Қазақстан облысының атынан байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1288278?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау