«ТІЛ ТҰҒЫРЫМ» — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ШАРА
Жарлыөзек ауылдық округінің округтік кітапханасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тіліміздің қадір-қасиетін насихаттау және жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Тіл тұғырым» атты тағылымды шара ұйымдастырылып өтті.
Тіл — ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы, атадан балаға мирас болып жеткен асыл мұра. Қазақ тілі — халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениеті мен ұлттық болмысын бойына сіңірген қасиетті тіл. Сондықтан ана тілімізді құрметтеу — әр азаматтың парызы.
Шара барысында қатысушыларға қазақ тілінің маңызы мен қоғамдағы орны туралы тағылымды ақпараттар айтылып, ана тілінің қадірін арттыруға бағытталған түрлі қызықты тапсырмалар мен сұрақтар ұсынылды. Қатысушылар өз білімдерін ортаға салып, мақал-мәтелдер айтып, тілге байланысты ой-пікірлерімен бөлісті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1288188?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау