Железин ауданының « Өнерлі отбасы – өнегелі отбасы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Железин ауданының « Өнерлі отбасы – өнегелі отбасы» 
Отбасы – адамға қанат бітіріп, жүрекке жылу сыйлайтын ең қымбат мекен. Біздің отбасымызды біріктіретін басты құндылықтардың бірі – өнерге деген сүйіспеншілік, шығармашылыққа деген құштарлық және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Әулеттің тірегі – Рысбеков Абай аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарып, өнер жолын абыроймен жалғастырып келеді. Өнерді өмірінің бір бөлшегі санаған Абай шығармашылықпен қатар ақындық өнерді де серік етіп, өз жүрегінен шыққан өлеңдерін дүниеге әкеліп жүр.
Ал  Ибрагимова Нуржамал Азимхановна №1 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Ұстаздық жолын ұлттық тәрбиемен ұштастырып, халқымыздың салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарын насихаттап келеді. Қыз ұзату дәстүрін дәріптеп, ұлттық өнер мен өнегені кейінгі ұрпаққа жеткізуге өз үлесін қосып жүр.
Отбасымыздың қуанышы – Жумагелди Айдана, Міржақып Дулатұлы атындағы мектептің 8-сынып оқушысы. Айдана да ата-анасының өнерге деген қызығушылығын бойына сіңіріп, өз ортасында түрлі мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысып, шығармашылық қабілетін шыңдап келеді.
Біздің отбасымыз үшін өнер – жай ғана өнер емес, ол – тәрбие, руханият, ұлттық болмыс пен ұрпақтар сабақтастығы.
Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, әр жетістігімізге бірге қуанып, шығармашылық жолда қатар келе жатқан жанұямызбен мақтанамыз. 
Отбасы – біздің ең үлкен сахнамыз, ал сол сахнадағы ең әдемі туындымыз – береке мен бірлікке толы ғұмырымыз!
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1288248?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version