Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында адалдық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері бойынша дәріс өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің бастамасымен, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2026 жылғы 9 қыркүйекте «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де «Жол жұмыстарын қабылдау және сапасын бақылау» тақырыбында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында орындалған жол жұмыстарын қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу, жобалық-сметалық құжаттаманың, техникалық регламенттердің, құрылыс нормалары мен стандарттардың талаптарын сақтау мәселелері қаралды.

Атап айтқанда, орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын, қолданылатын жол-құрылыс материалдарының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру, сондай-ақ қабылдау нәтижелерін тиісті құжаттармен рәсімдеу тәртібіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жол жұмыстарын орындаудың әрбір кезеңінде сапаны бақылау, анықталған кемшіліктерді жою тәртібі және шарттық әрі техникалық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.

Дәріске қатысушыларға жол жұмыстарын орындаудың барлық кезеңдерінде сапаны тиісті деңгейде бақылаудың, орындалған жұмыстарға объективті баға берудің, сондай-ақ нақты орындалған жұмыс көлемдері мен сапасының бекітілген жобалық-сметалық құжаттама және нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етудің маңыздылығы түсіндірілді.

Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар қызметіндегі ашықтық, есептілік және адалдық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-transport-way/press/news/details/1288427?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version