Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құру және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіштері оң динамика көрсетіп отыр.
«Халықты жұмыспен қамту» кешенді мемлекеттік бағдарламасы аясында 2024 жылы өңірде 29 878 жаңа жұмыс орны құрылса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 32 094-ке жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы алты айында облыста тағы 8 339 жаңа жұмыс орны ашылды.
Өңірдегі жұмыспен қамту саясаты жастарды еңбек нарығына бейімдеуге де бағытталған. Мәселен, «Жастар практикасы» жобасы арқылы жыл сайын 2 мыңнан астам жас маман алғашқы кәсіби тәжірибесін жинақтауда. 2024 жылы жобаға 2 115 түлек қатысса, 2025 жылы олардың саны 2 138 адамға жетті.
Еңбек нарығында тәжірибесі мол азаматтарды қолдауға арналған «Күміс жас» жобасы да өз тиімділігін көрсетіп келеді. 2024 жылы зейнеткерлік жасқа жақындаған 1 286 азамат жоба арқылы жұмысқа орналасса, 2025 жылы 1 223 азамат жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар уақытша және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылуда. Бұл бағытта 2024 жылы 5 547 адам, 2025 жылы 4 518 адам қамтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-zher/press/news/details/1289021?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау