09.09.2026 жылы «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Гульнар Имангельдиевна Кунакбаеваның , Жетісу облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Жетісу облысының адвокаттар алқасы өкілдерінің және Талдықорған қаласы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесі инспекторының қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ашық есік күні» өткізілді.
Іс-шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне тап болған әйелдерге құқықтық көмек көрсетіліп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты консультациялар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша 7 азаматқа құқықтық консультация берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhetysu/press/news/details/1288641?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау