2026 жылғы 9 қыркүйекте Ескелді ауданының әкімі Е. Ахметовтың төрағалығымен Ескелді ауданы бойынша Заң мен тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның III тоқсандағы отырысы өтті. Отырыс барысында комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес және жоспардан тыс мәселелер қаралып, тиісті ұсыныстар талқыланды. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Отырыстың қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy/press/news/details/1288992?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау