Целиноград ауданында «Кедейлерсіз округ» жобасы аясында тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және әр отбасының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.
Жобаның басты мақсаты – азаматтарға тек әлеуметтік қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне, жұмысқа орналасуына, жаңа мамандық игеруіне және жеке кәсібін бастауына мүмкіндік жасау.
Мансап орталығы тұрғындарға келесі бағыттар бойынша қолдау көрсетеді:
- тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастыруға көмектесу;
- сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік оқуға және біліктілікті арттыру курстарына жолдау;
- жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға жәрдемдесу;
- кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру бойынша кеңес беру;
- жаңа бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарға қатысуға қолдау көрсету;
- жұмыс берушілермен кездесулер мен бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру;
- еңбек және әлеуметтік қолдау шаралары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
Біздің мақсатымыз – әр азаматқа өз мүмкіндігін жүзеге асыруға жағдай жасап, әр отбасының тұрақты табысқа және лайықты өмір сүру деңгейіне қол жеткізуіне ықпал ету.
Кедейлерсіз округ – бұл көмек қана емес, тұрақты болашаққа бастайтын жаңа мүмкіндік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1289006?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау