Конкурстың кейінге қалдырылуы туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 7 қыркүйек күні сағат 15:00-де ҚР, БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі № 61 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтетін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы мүшелерінің құрамы (кворум) толық болмауына байланысты кейінге қалдырылсын. Нақты өтетін уақыты қосымша хабарланатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-zhanibek/press/news/details/1288950?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау