Әдеп жөніндегі уәкілдің жоспарын іске асыру шеңберінде Департамент Ақмола облысының дін істері басқармасымен бірлесіп «Мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға Ақмола облысының дін істері басқармасына қарасты «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ-нің теолог маманы Жақанов Сәкен Бағдатұлы қатысты. Ол қатысушыларға Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіріп, сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың қатарына тартудың алдын алу шаралары туралы айтып өтті.
Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің хабардарлығын арттыруға және діни радикализмнің алдын алуға бағытталған.
Басшының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл – Оспанова А.А.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1289109?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау