Қарағандыда сотталғандар киберфутбол турниріне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД «№33 мекемесінде» сотталғандардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру және олардың әлеуметтік бейімделуіне, сондай-ақ оң уәждемесін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру аясында Sony PlayStation ойын приставкасын пайдалана отырып, киберспорттық іс-шара өткізілді.

Іс-шара аясында мінез-құлқы жағымды сипатталатын, қолданыстағы тәртіптік жазалары жоқ және белгіленген ұстау режимінің талаптарын сақтайтын сотталғандар арасында виртуалды футболдан турнир ұйымдастырылды.

Киберспорттық жарыстар қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Ойын виртуалды футбол алаңында өткеніне қарамастан, қатысушылардың эмоциясы, жеңіске деген құлшынысы мен тартысы шынайы болды. Қатысушылар зейінділіктерін, жылдам әрекет ету қабілеттерін, шешім қабылдай білулерін және ойын барысындағы шиеленісті жағдайларда сабырлылықтарын сақтай алатындықтарын көрсетті.

Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың пайдалы әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, салауатты бәсекелестік ахуалды қалыптастыруға, сондай-ақ белгіленген талаптарды сақтауға деген оң уәждемелерін нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара белгіленген режим талаптарын, ақпараттық және киберқауіпсіздік талаптарын сақтай отырып ұйымдастырылды. Турнир барысында мекеменің жауапты қызметкерлері жарыстың өткізілуіне және қатысушылардың іс-әрекеттеріне тұрақты бақылау жүргізді.

«№33 мекемесінде» сотталғандардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Заманауи және қауіпсіз іс-шаралар түрлерін пайдалану жеке тұлғаның дамуына, жағымды ахуалды қолдауға және сотталғандардың тиімді әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskaraganda/press/news/details/1289603?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version