Қарқаралы ауданында, Бесоба ауылының маңында құрғақ шөп өртенді. Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, табиғи өртті сөндіріп жатыр. Оқиға орнына ТЖМ-нің қосымша күштері мен құралдары жіберілді. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тартылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды.
Әуеден барлау жүргізу, жағдайды бақылау және жекелеген ошақтарды сөндіру үшін оқиға орнына су төгетін құрылғымен жабдықталған «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді. Қазіргі уақытта әуе кемесінен екі рет су төгілді.
Ведомствоның мәліметінше, өртті сөндіруге қатты жел екпіні мен таулы жерлер кедергі келтіріп отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1289379?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау