Сіздерді 2026 жылғы 7–17 қыркүйек аралығында мектептерде өтетін жалпы ата-аналар жиналысына қатысуға шақырамыз!
Жиналыстың басты мақсаты – бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның құқығы мен мүддесін қорғау және ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту.
Жиналыста талқыланатын негізгі мәселелер:
• Оқу үлгерімі және білім сапасы;
• Құқықбұзушылықтың алдын алу;
• Лудоманияның алдын алу;
• Кибербуллинг және интернет қауіпсіздігі;
• Балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау;
• Ата-ана мен мектептің бірлескен жұмысы.
Бала – біздің ортақ жауапкершілігіміз!
Сіздің қатысуыңыз – балаңыздың қауіпсіз әрі жарқын болашағына қосқан маңызды үлесіңіз!
Келіңіздер! Бірге талқылайық, бірге шешейік, бірге қорғайық!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1289349?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау