Қырым-Конго геморрагиялық қызбасының алдын алу: кенеден қалай қорғануға болады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақмола облысы Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы (ҚКГҚ) бойынша эндемиялық аймаққа жатпайды. Соңғы 10 жылда облыс аумағында бұл аурудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген. Дегенмен кенелердің белсенділігі артатын кезеңде инфекцияның алдын алу шараларын сақтау маңызды, өйткені бұл ауру аса қауіпті табиғи-ошақты инфекцияларға жатады.
Вирустың негізгі тасымалдаушысы әрі табиғи резервуары – иксод кенелері. Олардың белсенділігі көктемгі-жазғы кезеңде, яғни сәуірден қыркүйекке дейін артады. Адам көбіне вирус жұқтырған кененің шағуы арқылы, сондай-ақ инфекция жұқтырған адамдардың немесе жануарлардың қанымен жанасу кезінде жұқтыруы мүмкін.
Табиғат аяғына, саяжайға, жайылымға шығатын және мал шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға ашық түсті, денені толық жабатын ұзын жеңді киім кию, шалбар балағын шұлықтың ішіне салу, кенеге қарсы репелленттерді пайдалану және киім мен дененің ашық жерлерін кененің бар-жоғына тұрақты түрде тексеріп отыру ұсынылады.
Кене шаққан жағдайда мүмкіндігінше тез арада медициналық ұйымға жүгіну қажет. Одан кейін 14 күн бойы медициналық бақылауда болып, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, бас және бұлшықет ауыруы, жүрек айнуы, құсу немесе қан кету белгілері байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
Қарапайым сақтық шараларын сақтау – инфекцияны жұқтыру қаупін азайтудың және өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаудың тиімді жолы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1289129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version