2 қыркүйек 2026 жылы «Рамазан құс» ЖШС базасында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД №9 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің жазасын өтеушілері еңбек ететін және тұратын жаңа өндірістік учаскенің салтанатты ашылуы өтті.
Мемлекет басшысы сотталғандардың еңбекпен қамтылу деңгейін арттыру бойынша маңызды міндет қойды. Осы бағытта кәсіпкерлерді белсенді тарту және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту қажет.
Сотталғандар үшін еңбекпен қамтылудың маңызы тек жұмыспен қамтамасыз етумен шектелмейді. Еңбек – оларды әлеуметтендірудің негізгі құралдарының бірі. Жұмыс істеу, кәсіби дағдыларды меңгеру, еңбек тәртібін сақтау және өз жұмысының нәтижесіне жауапкершілікпен қарау жазасын өтеушілерді бостандыққа шыққаннан кейінгі дербес өмірге дайындауға мүмкіндік береді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өкілдері, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД басшылығы және «Рамазан құс» ЖШС өкілдері қатысты.
Жобаның ерекшелігі – сотталғандарға нақты өндірісте жұмыс істеумен қатар, арнайы жасалған жағдайда тұру мүмкіндігінің берілуінде. Жобаны іске асыруға «Рамазан құс» ЖШС елеулі қолдау көрсетіп, еңбек ету және тұру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етті.
Өзінің форматы бойынша жаңа өндірістік учаске қауіпсіздігі барынша төмен мекеме моделін дамытудағы маңызды қадам болды. Мұнда сотталғандар еркін өмірге біртіндеп бейімделіп, еңбек тәжірибесін жинақтап, кәсіби дағдыларын жетілдіреді және қоғамға оралуға қажетті жауапкершілік пен дербестік дағдыларын қалыптастырады.
Жоба сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және оларды босатылуға дайындауға бағытталған. Оның басты мақсаты – жазасын өтеп жатқан азаматтардың қоғамға оралуын барынша бірқалыпты әрі саналы түрде қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1288796?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау