Ресми еңбек қатынастары кезінде жұмыскер үшін әлеуметтік аударымдар төленеді. Соның арқасында адам тұрақты табысынан уақытша айырылып, қосымша қаржылық қолдауды қажет еткен, заңнамада көзделген жағдайларда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алуға құқылы.
Бұл ретте көптеген әлеуметтік төлемдердің мөлшері әлеуметтік аударымдар жүргізілген ресми табыс көлеміне байланысты болады.
▶️ Неліктен ресми жұмыс істеу маңызды, қандай өмірлік жағдайларда әлеуметтік төлемдер алуға болады және олардың мөлшері неге байланысты – бейнематериалда түсіндіреміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1289045?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау