Солтүстік Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін технологиялық жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Агро-Елецкое» ЖШС-де ауыл шаруашылығы техникасын ұшқышсыз басқару технологиясы сынақтан өткізілуде. Бұл технология егіс алқаптарындағы жұмыстардың дәлдігін арттырып, техниканы тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, ұшқышсыз және дәлме-дәл технологияларды кеңінен енгізуге ерекше мән беріп келеді. Бүгінде өңірде цифрлық шешімдерді өсімдік шаруашылығымен айналысатын 1 750 агроқұрылым және аралас бағыттағы 1 614 шаруашылық қолданады.
Жаңа технологияларды енгізумен қатар, «Агро-Елецкое» ЖШС егіс құрылымын әртараптандырып, жаңа дақылдарды игеруде. Биыл шаруашылық алғаш рет 1 мың гектарға жуық алқапты дәндік жүгері өсіруге бөлді. Бұл егіс құрылымын әртараптандырып, өсімдік шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі кәсіпорынның жұмысымен танысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1289159?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау