Бүгін әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес тамыз кеңесінің отырысы аясында білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен аға тәлімгерлердің қатысуымен шеберлік сағаты ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, тәжірибе алмасу және білім алушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының заманауи тәсілдерін ортаға салу.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырудың тиімді жолдары ұсынылып, практикалық әдіс-тәсілдер көрсетілді. Сонымен қатар оқушылардың белсенділігін арттыру, құндылыққа негізделген тәрбие беру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында қатысушылар тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасты. Әріптестер арасында кәсіби тәжірибе бөлісу, жаңа идеялар ұсыну және тәрбие бағытындағы өзекті мәселелерді бірлесе талқылау жұмыстың мазмұнын байыта түсті.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен аға тәлімгерлердің бірлескен жұмысы – білім алушылардың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып, мектептегі тәрбие жүйесін жетілдірудің маңызды тетігі.
Осындай кәсіби алаңдар педагогтердің тәжірибесін толықтырып қана қоймай, жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысына тың серпін беріп, ортақ мақсатқа жұмылуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1289623?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау