«Тіл-FEST – тіл мен мәдениеттің мерекес».

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы. Қазақстан халқының тілдері күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Тіл-FEST» фестивалі – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, еліміздегі түрлі тілдер мен мәдениеттерге деген құрметті нығайтатын маңызды мәдени шара. Шет ауданының «Тіл-FEST» фестивалі де тіл арқылы достық пен бірлікті дәріптеуге бағытталды. 
Ақшоқы мәдениет үйінің фестивальге белсене қатысып, мемлекеттік тілдің мерейін асыруға, ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға және шығармашылық белсенділік танытуға қосқан үлесі ерекше. Осы еңбектің жоғары бағаланып, дипломмен марапатталуы – мәдениет ұжымының ізденісі мен белсенді жұмысына берілген лайықты баға. Тілге деген құрмет – елге деген құрмет. Осындай игі бастамалар арқылы ана тіліміздің абыройы асқақтап, мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Ақшоқы мәдениет үйінің ұжымына шығармашылық табыс, толағай жетістіктер және жаңа белестер тілейміз! 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshoky/press/news/details/1288609?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version