Тұрмыстық химия өнімдерін таңдауда нені ескеру қажет?

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Тұрмыстық химия өнімдері үй-жайды таза ұстауға көмектескенімен, оларды дұрыс таңдамау немесе қауіпсіздік талаптарын сақтамай пайдалану адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнімді сатып алу кезінде бірқатар маңызды жайтқа назар аударуды ұсынады.
Ең алдымен, таңбалауына мән беріңіз. Өнімнің қаптамасында оның атауы мен мақсаты, өндіруші немесе өтініш беруші туралы мәліметтер, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары мен қолдану тәртібі көрсетілуге тиіс. Таңбалау мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы қажет.
Қаптамасының бүтіндігін тексеріңіз. Құты немесе ыдыс берік жабылған, зақымдалмаған болуы керек. Қаптамада жарық, ісіну немесе өнімнің төгілген іздері байқалса, мұндай тауарды сатып алмаған жөн.
Өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарға назар аударыңыз. Қажет болған жағдайда сатушы сатып алушының сұрауы бойынша өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін және қауіпсіздігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Тұрмыстық химия өнімдерінің жекелеген түрлеріне мемлекеттік тіркеуден өту талабы қойылады.
Қолдану және сақтау талаптарын сақтаңыз. Тұрмыстық химия өнімдерін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Әртүрлі химиялық заттарды бір-бірімен араластырмаңыз. Өнімді нұсқаулықта көрсетілген мөлшерде пайдаланып, қажет болған жағдайда қолғап және басқа да жеке қорғаныш құралдарын қолданыңыз. Тұрмыстық химияны азық-түлік немесе сусындарға арналған ыдыстарға құйып сақтауға болмайды.
Тұрмыстық химия өнімдерін қауіпсіз пайдалану – өз денсаулығыңыз бен отбасыңыздың амандығын сақтаудың маңызды шарты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1289139?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version