ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Шымкент қаласында Ы.Алтынсарин көшесін қайта құру жұмысы толық аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

 Мұстафа Шоқай көшесінен Тұран шағынауданына дейінгі аралықта жұмыс жүргізілген жолдың жалпы ұзындығы – 2 шақырым.

 Көше 2 жолақтан 4 жолаққа дейін кеңейтіліп, жаңа асфальт қабаты төселді. Жаяу жүргіншілерге арналған жолағы ретке келтіріліп, қоғамдық көлік аялдамалары, сыртқы жарықтандыру және су бұру жүйелері жаңартылды.

 Сонымен қатар, көлік қозғалысы ұйымдастырылып, оң жақ бұрылыстар ашылды.

 Жаңарған көше Тұран, Қайтпас-1 және іргелес аумақтардың көлік қолжетімділігін арттырып, Бәйдібек би даңғылына балама бағыт қалыптастырды.

 Бұл көлік ағынын тиімді бөлуге, іргелес көшелердегі көлік жүктемесін азайтуға және тұрғындардың жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

 Жоба аясында жол жабыны ғана емес, жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы, жарықтандыру, су бұру, аялдамалар және инженерлік желілер кешенді түрде жаңартылды.

 Ы.Алтынсарин көшесі – қаладағы көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік беретін, жаңарған маңызды көшелердің бірі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1288662?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version