Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Зеренді ауылында дәстүрлі «Таза бейсенбі» сенбілігі өтті.
Бүгін тазалық жұмыстары «Зеренді» шаңғы базасының аумағында жүргізілді. Негізгі міндет – орман алқабын қоқыстан тазарту.
Сенбілікке 144 адам қатысып, 2,4 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.
Мұндай сенбіліктер Зерендіде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қоршаған ортаға қамқорлық әр адамның өзінен басталады. Бізді қоршаған орта, ең алдымен, өзіміз туралы айтып береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy-zerendy/press/news/details/1289537?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау