«Адал азамат» бағдарламасы аясында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы ТЖД-де «Адал азамат» бағдарламасы аясында есірткі құралдарын қолдану мен таратуға жол бермеу, сондай-ақ есірткі, алкоголь және психотроптық заттардың адам денсаулығына әсері тақырыптарында профилактикалық семинар өтті. Іс-шараға Жамбыл облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Айгерім Каукешова және Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Жадыра Аленова қатысты. Семинар барысында мамандар есірткі құралдарын қолдану мен таратудың құқықтық және медициналық салдарын, алкоголь мен психотроптық заттардың адам денсаулығына кері әсерін, сондай-ақ есірткіге тәуелділіктің алдын алу шараларын түсіндірді.  Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау және салауатты өмір салтын ұстану мәселелеріне ерекше назар аударылды.  Іс-шара соңында КжТЖБ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Бақжанов жеке құрамды заң талаптарын қатаң сақтауға, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге және азаматтық қорғау органдары қызметкерінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1290456?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version