2026 жылғы 2 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы күшіне енді. Заңға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша азаматтардың жекелеген санаттары әкімшілік айыппұл төлеуден босатылады.
Рақымшылық кімдерге қолданылады?
Әкімшілік айыппұлдан босату:
• Қазақстан Республикасының азаматтарына;
• жеке кәсіпкерлерге;
• жекеше нотариустарға;
• жеке сот орындаушыларына;
• адвокаттарға;
• заң консультанттарына қолданылады.
Рақымшылықты қолданудың негізгі шарттары:
Рақымшылық қолданылмайды:
• заңды тұлғаларға;
• лауазымды тұлғаларға;
• шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға;
• сот тағайындаған әкімшілік жазаларға;
• Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің:
– 275-бабында көзделген салық салу объектілерін және салық есептілігінде көрсетілуге тиіс өзге де мүлікті жасыруға;
– 277-бабында көзделген есептелген (есепке жазылған) салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға;
– 278-бабында көзделген салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын кемітіп көрсетуге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарға.
Әкімшілік айыппұлдардан босату автоматты түрде жүзеге асырылады. Рақымшылықты қолдану үшін мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1290179?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау