Атырауда “Бекіре-2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысы аумағында 10 қыркүйек- 31 қазан күндері аралығында «Бекіре-2026» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Мақсаты – балық пен балық өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған. Акция кезінде республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар республикалық және облыстық тас жолдарда, сондай-ақ қала маңындағы далалық жолдарда мобильдік бекеттер және облыс аумағында бірнеше мобильдік топтар жұмыс істейді.

Айта кету керек, заңсыз балық аулаудың жолын кесу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Жайық өзені жағалауларында орналасқан Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен бақылау күшейтіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1289573?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version