Атырауда отбасылық интеллектуалды Quiz өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Отбасы күніне орай отбасылық интеллектуалды Quiz ұйымдастырылды. Танымдық сайысқа 9 отбасы қатысты, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды «Бірлік» командасы иеленсе, ІІ орын «Алаша» командасына, ІІІ орын «Болашақ» командасына бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын нығайту және бірге уақыт өткізудің мазмұнды форматын қалыптастыру.

Университеттің Студенттік бастамалар және креативті индустриялар орталығының директоры Нұржан Өмірбайдың айтуынша, мұндай зияткерлік ойындар алдағы уақытта да ұйымдастырылады.

– Осындай интеллектуалды ойындар арқылы отбасы мүшелерін жақындастырып, олардың бірге уақытын қызықты өткізуіне жағдай жасағымыз келеді. Сондықтан мұндай квиздерді алдағы уақытта да жиі ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өңірдегі өкілдеріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз, – деді Нұржан Өмірбай.

Ал ІІІ орын иеленген «Болашақ» командасының мүшесі Жанар Жалғасбаева сайыстың тартысты өткенін атап өтті.

– Жұмыс уақытынан кейін отбасымызбен бірге сергіп, интеллектуалды ойын ойнауға келдік. Quiz өте қызықты әрі тартысты өтті. Сұрақтары да мазмұнды құрастырылған. Сайыс барысында білімімізді ортаға салып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. Осындай ойындар жиі ұйымдастырылса екен, – деді қатысушы.

Айта кетейік, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде студенттердің зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған Safi QUIZ жобасының екінші маусымы басталған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/1290393?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version