Аудандық мәслихаттың кезекті елу жетінші сессиясын
шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 3- тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес:
1. Аудандық мәслихаттың кезекті елу жетінші сессиясы 2026 жылы 17 қыркүйегіне шақырылсын.
2. Сессия Қандыағаш қаласы, Мұғалжар аудандық әкімдігінің ғимаратында сағат 10:00-де өткізілсін.
3. Аудандық мәслихаттың кезекті елу жетінші сессиясының күн тәртібіне төмендегідей мәселелер енгізілсін:
1. Мұғалжар ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы жөнінде есебі туралы.
2. Басқа да мәселелер.
4. Сессияға аудандық мәслихат депутаттары шақырылсын.
Аудандық мәслихат
төрағасы К. Ермағамбетов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mugalzhar/press/news/details/1289681?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау