Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық рәсімдері туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қаржылық қиындыққа тап болған азаматтар үшін Қазақстанда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс банкроттық және сот арқылы банкроттық рәсімдері қарастырылған.
          Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру – азаматтың тұрақты табысы болған жағдайда қарыздарын өтеуге мүмкіндік беретін рәсім. Бұл ретте қарызды кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу, пайыздық мөлшерлемені төмендету, тұрақты төлемдерді азайту, сондай-ақ өзге де заңға қайшы келмейтін шаралар қолданылуы мүмкін.
Жоспардың орындалу мерзімі, жалпы тәртіп бойынша, 5 жылдан аспайды.
          Жоспарды әзірлеу және кредиторларға ұсыну
Сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы шешім қабылдағаннан кейін қаржы басқарушысы борышкермен бірлесіп жоспар жобасын әзірлейді.
Жоспар жобасы талаптары кредиторлар тізіліміне енгізілген кредиторларға қарау үшін жіберіледі. Кредиторлар жоба алынған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады.
         Маңызды!
«Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» заң жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген ҚР азаматтарына қолданылады.
Егер азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, оның дәрменсіздігіне байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес қаралады.
         Жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегеніңізді қалай тексеруге болады?
Азаматтың жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуде бар-жоғы туралы ақпаратты электрондық мемлекеттік қызмет арқылы алуға болады. Бұл ақпарат жеке тұлғаның ЖК ретінде тіркелуінің бар немесе жоқ екенін растауға мүмкіндік береді.
         Сондықтан банкроттық немесе төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміне жүгінбес бұрын өзіңіздің ЖК ретінде тіркелген-тіркелмегеніңізді тексеру маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-ulytau/press/news/details/1290188?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version