2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де Астана қаласында бизнес-қоғамдастық алдындағы бақылау-қадағалау органдарының Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Өткізу форматы – офлайн.
Өткізу орны: «Сарыарқа» ауданы әкімі аппараты, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, мәжіліс залы (2-қабат).
2026 жылғы 1 қаңтардан 1 тамызға дейінгі кезеңдегі атқарылған жұмыс пен тексерулердің динамикасы туралы есептермен бақылау-қадағалау органдарының өкілдері сөз сөйлейді.
Аталған іс-шараны жыл сайын өткізу мына мақсаттарға бағытталған:
· бизнесті мемлекет жүзеге асыратын бақылау-қадағалау функциялары туралы хабардар ету;
· кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтық сауаттылығын арттыру;
· шаруашылық қызметті жүргізудің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыру.
Сұрақтар мен ұсыныстар 2026 жылғы 21 қыркүйекке дейін b.kasymov@astana.kz электрондық поштасына, сондай-ақ «Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ Кәсіпкерлікті дамыту бөліміне 556903, 556910 телефон нөмірлері арқылы қабылданады.
Отырыста келесі мемлекеттік органдар қатысады:
1. Астана қаласының прокуратурасы
2. Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
3. Астана қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменті
4. Астана қ. бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті
5. ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Астана қ. бойынша департаменті
6. Астана қ. бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті
7. Астана қ. бойынша Көліктік бақылау инспекциясы
8. Астана қ. бойынша Төтенше жағдайлар департаменті
9. Астана қаласының Әділет департаменті
10. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті.
11. Астана қаласының Полиция департаменті
12. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Астана қ. бойынша департаменті
13. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК мемлекеттік инспекциясы комитетінің Астана қ. бойынша аумақтық инспекциясы
14. Астана қаласының Әуе көлігі прокуратурасы
15. Астана қ. бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
16. Астана қ. бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
17. Астана қ. бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
18. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қ. бойынша департаменті
19. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қ. бойынша департаменті
20. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қ. бойынша аумақтық инспекциясы
21. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Астана қ. бойынша өңірлік өкілдері басқармасы
22. Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1290564?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау