Кедендік рәсімдерді автоматтандыру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және адами факторды барынша азайту шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Кеден» ұлттық ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізуде. Жаңа жүйе кедендік декларацияларды ұсыну және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың кеден органдарымен өзара іс-қимылын жүзеге асыру үшін бұрын қолданылған «Астана-1» ақпараттық жүйесін алмастырады. 2026 жылғы 11 сәуірде «Кеден» ақпараттық жүйесінде «Тауарларға арналған декларация» модулі, сондай-ақ тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтініш беру функционалы іске қосылды. Бұған дейін жүйеде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы алдын ала ақпараттандыру және кедендік транзитті ресімдеу модульдері енгізілген болатын. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қалжат» кеден бекеті тауарлар мен көлік құралдарын «Кеден» ақпараттық жүйесі арқылы ресімдеуге толығымен көшті. Алдын ала ақпаратты тіркеуден бастап тауарларды шығаруға дейінгі барлық кедендік операциялар қағаз құжаттарды ұсынбастан, электрондық форматта жүзеге асырылады. Жаңа платформаның негізгі артықшылықтарының бірі — тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін қолдану. Тәуекел бейіндері іске қосылмаған жағдайда декларацияны шығарудың орташа уақыты екі-үш минутты құрайды. Тәуекелдер анықталған жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік бақылаудың тиісті нысандары қолданылады. «Кеден» ақпараттық жүйесін енгізу кедендік операцияларды жасау мерзімдерін қысқартуға, кедендік бақылаудың ашықтығын арттыруға, декларант пен кеден органының лауазымды адамы арасындағы тікелей байланысты болдырмауға және соның нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. «Кеден» ақпараттық жүйесіне қосылу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушыға:
– Интернет желісіне қолжетімділік;
– жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);
– электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ);
– орнатылған NCALayer бағдарламалық жасақтамасы қажет.
Тіркелуді сыртқы экономикалық қызметке қатысушы «Кеден» ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы дербес жүзеге асырады. Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Кеден» ақпараттық жүйесінде Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына енгізілген өзгерістерде көзделген «Электрондық сауда тауарларына арналған декларация» функционалы қолданысқа енгізілді. «Кеден» ақпараттық жүйесін енгізу кедендік әкімшілендіруді цифрландырудың маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа платформа ресімдеу үдерісін жеделдетуге, кедендік рәсімдердің ашықтығын арттыруға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды «Кеден» ақпараттық жүйесінде алдын ала тіркелуге шақырады, сондай-ақ тауарларды кедендік декларациялау кезінде толық әрі достоверлі мәліметтерді уақтылы ұсыну қажеттігіне назар аударады. «Кеден» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу мәселелері бойынша Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне [___] телефоны арқылы немесе тікелей «Қалжат» кеден бекетіне хабарласуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-alm/press/news/details/1289981?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау