Елордалық спортшы пара атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында Changwon 2026 WSPS World Championships пара атудан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы Ардақ Оторбаев Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

R1 – 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен ату бағдарламасы бойынша командалық жарыста Қазақстан құрамасы 1854,4 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын – Корея, 1867,1 ұпай;
2-орын – Үндістан, 1856,3 ұпай;
3-орын – Қазақстан, 1854,4 ұпай.

Әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Астананың атынан Севда Әлиева, Әйгерім Төлегенова, Никита Ермаков, Айсұлу Мұқашбекова, Александр Пасхалиди және Ардақ Оторбаев өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, пара атудан әлем чемпионаты 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Беделді жарысқа әлемнің 53 елінен 350-ге жуық спортшы қатысып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1290064?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version