ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
        №3 мектеп-гимназияда еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен міндеттері туралы құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
        Кездесуге Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Ж. Ермеккалиева мен М. Губайдуллин, сондай-ақ Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы қоғамдық бірлестігі Атырау қалалық комитетінің заңгері Е.Ұзақбай қатысты.
       Іс-шара барысында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек қатынастарын заң талаптарына сәйкес ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының негізгі талаптары бойынша түсіндірме беріп, қатысушылардың сауалдарына жан-жақты жауап ұсынды.
      Кездесу барысында еңбек құқықтарын сақтау, қызметкерлердің заңды мүдделерін қорғау және еңбек қатынастарын ашық әрі тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Осындай тағылымды кездесулер ұжым мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттырып, еңбек заңнамасын сақтау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Еңбек құқығын қорғау – қолайлы әрі сапалы еңбек ортасын қалыптастырудың басты кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1290263?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version