Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында энергетика саласындағы Қазақстан-Америка өзара іс-қимылының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасылды. Тараптар стратегиялық энергетикалық әріптестікті одан әрі дамытуға және өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экспорттық бағыттардың сенімді жұмыс істеуі және әлемдік нарықтарды энергия ресурларымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Стратегиялық энергетикалық әріптестік аясындағы сындарлы диалогты жалғастыруға, сондай-ақ инвестициялар тартуға және энергетика секторындағы перспективалы бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын екенін растады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1289920?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау