Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мектептерінің алты оқушысы Алматы қаласындағы Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбекке» аттанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мектептерінің алты оқушысы Алматы қаласындағы Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбекке» аттанды.
2026 жылғы 8-29 қыркүйек аралығында балаларды мазмұнды әрі қызықты бағдарлама күтуде. Бұл — демалып, денсаулығын нығайтуға, ой-өрісін кеңейтуге, жаңа білім алуға, өз қабілеттерін ашуға және жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік.
«Бөбек» орталығына сапар — бұл тек демалыс қана емес, сонымен қатар жарқын әсерлерге бөленіп, пайдалы тәжірибе жинақтауға, өз қабілеттерін көрсетуге және Қазақстанның әр өңірінен келген құрдастарымен танысуға мүмкіндік.
💫 Балаларға ауысымды қызықты әрі пайдалы өткізіп, мол жағымды эмоция, жаңа достар және ұмытылмас әсер жинақтап қайтуды тілейміз!
Бұл сапар әрқайсыңыз үшін жаңа ашылуларға, жетістіктерге және есте қаларлық оқиғаларға толы қызықты кезең болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1289595?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version